Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение маслихата от 03 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 105 · қабылданған 27.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/03-2016-no-41/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в решение маслихата от 03 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 105 ·27.01.2017
28.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение маслихата от 03 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 105 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение маслихата от 03 июня 2016 года № 41 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2016 жылғы 03 маусымдағы № 41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
27.01.2017
Көрсетілген редакция
28.08.2020 109835_478531.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17NA006830
ЭКБ идентификаторы
109835
Редакция идентификаторы
109835_478531
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:21

0 Мәслихаттың 2016 жылғы 03 маусымдағы № 41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мәслихаттың 2016 жылғы 03 маусымдағы № 41 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6509 тіркелген, 2016 жылғы 08 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
7 - тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) білім беру ұйымында оқуды төлеуге бағытталған, білім беру гранттарының иелері болып табылатын адамдарды, мемлекеттік бюджеттен төлемдердің өзге түрлерін алушыларды есептемегенде, бірінші рет техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім алатын адамдарға, нақты құны бойынша, оқуға төлеу үшін оқу жылы ішінде екі бөлініп аударылатын, 400 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде:
жүгінген күннің алдындағы соңғы он екі айда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен табыстары бар көп балалы және толық емес отбасылардың жастарына, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуын жалғастыратын жастарға, балалар үйінің түлектеріне, жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, табыстарын есепке алмай, оқудың күндізгі нысанын төлеу үшін;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасындағы ұсынысы бар барлық санаттағы мүгедектерге, табыстарын есепке алмай;».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Умаров
2017 жылғы «27» қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________Н. Дорошок
2017 жылғы «27» қаңтар

Қолданыстағы