Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Капшагайского городского маслихата от 03 марта 2017 года № 17-69 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Капшагайского городского маслихата»

Өзге акт · № 22-90 · қабылданған 21.06.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/03-2017-no-17-69/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Капшагайского городского маслихата от 03 марта 2017 года № 17-69 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Капшагайского городского маслихата» Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-90 ·21.06.2017
19.03.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.03.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Капшагайского городского маслихата от 03 марта 2017 года № 17-69 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Капшагайского городского маслихата»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 22-90 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Капшагайского городского маслихата от 03 марта 2017 года № 17-69 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» аппарата Капшагайского городского маслихата»
Атауы (қаз.)
Қапшағай қалалық мәслихатының 2017 жылғы 03 наурыздағы «Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» № 17-69 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-90
Қабылданған күні
21.06.2017
Көрсетілген редакция
19.03.2018 113403_310900.kaz
Соңғы өзгеріс
19.03.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17DB004272
ЭКБ идентификаторы
113403
Редакция идентификаторы
113403_310900
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 04:44

0 Қапшағай қалалық мәслихатының

2017 жылғы 03 наурыздағы
«Қапшағай қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесін бекіту
туралы» № 17-69 шешіміне
өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 тіркелген) сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 03 наурыздағы № 17-69 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 тіркелген, 2017 жылдың 21 сәуірінде және 05 мамырында «Нұрлы өлке» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:
17, 18-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
«17. Көтермелеу балдары осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес ағымдағы жұмыстын орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі қызмет түрлері атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің өсу тәртібімен «+1»-ден «+5» балға дейін бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылған. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші немесе түрі үшін осы Әдістеменің 1-1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусының қызметшісіне тікелей басшымен балл қойылады.»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-1-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қапшағай қалалық мәслихат аппаратының басшысы Айтова Мейрамгуль Казбековнаға жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Қапшағай қалалық мәслихатының

2017 жылғы 21 маусымдағы
№ 20-90 шешіміне қосымша
Қапшағай қалалық мәслихаты
аппаратының «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалаудың әдістемесіне
1-1-қосымша
Қапшағай қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері үшін балл шәкілдері
Балдар
Көтермеленетін көрсеткіштері мен қызмет түрлері
5 балл
Қалалық мәслихат сессияларына, қала әкімдігінің, қалалық қоғамдық кеңестің, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарына материалдарды дайындау
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына уақтылы түзетулер жүргізу
Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингін жүргізу
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссияның қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бір көзден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды жүргізу
Қаржы-шаруашылық қызметтің жиынтық жоспарын, бюджеттік жоспарды, қаржыландырудың жеке жоспарларын құру, бекіту, орындау
Аттестациялық, конкурстық, тәртіптік және бағалау комиссиясының қызметін сапалы ұйымдастыру
Қалалық мәслихат хатшысының және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың шұғыл және ауқымды тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау
4 балл
Қалалық мәслихаттың және тұрақты комиссияларының қызметі туралы баяндамалар, мақалалар, жарияланымдар мен ақпараттар дайындау
Мұрағатқа құжаттарды сапалы өңдеу және өткізу
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, өзге де жергілікті өзін - өзі басқару органдары мүшелерінің, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуді ұйымдастыруға келісім бойынша қатысу
3 балл
Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін өтініштерді қарау
Сот актілерін шығару барысында талап-арыз қызметін мәслихаттың пайдасына жүзеге асыру
Оқытуға жататын мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерін оқытуды толық қамтуды қамтамасыз ету
Түсіндіру жұмыстарын ұйымдстыру және жүргізу
2 балл
Уақытша жоқ мемлекеттік қызметшінің міндеттерін орындау және лауазымдарды қоса атқару (10 жұмыс күннен кем емес)
Тәлімгерлік қызметті жүзеге асыру
Алдын ала жоспарланбаған және шұғыл жұмыстарды орындау
Ақпараттық құжаттарды қалалық мәслихаттың интернет-сайтына және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды уақытылы қамтамасыз ету
1 балл
Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу (спорттық және мәдени шаралары)
Қалалық мәслихаттың атынан құттықтау, алғыс хаттарының мәтіндерін әзірлеу
Қалалық мәслихаттың сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында және аппарат өткізген іс-шараларда бейне және фото түсіру

Қолданыстағы