Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Талдыбулак в створе земельного участка в 0,3 км северо-восточнее села Алгабас Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 145 · қабылданған 02.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/03/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Талдыбулак в створе земельного участка в 0,3 км северо-восточнее села Алгабас Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 145 ·02.05.2019
02.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Талдыбулак в створе земельного участка в 0,3 км северо-восточнее села Алгабас Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 145 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос реки Талдыбулак в створе земельного участка в 0,3 км северо-восточнее села Алгабас Уланского района Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
145
Қабылданған күні
02.05.2019
Көрсетілген редакция
02.05.2019 131368_404949.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19V0005933
ЭКБ идентификаторы
131368
Редакция идентификаторы
131368_404949
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:07

0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысына қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «02» мамыр

12 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «02» мамырдағы
№ 145 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Алғабас ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 0,3 км қашықтықтағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
1
2
3
4
5
6
7
Шөп шабуға арналған,
05-079-022 есеп кварталы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзені (сол жағалау)
0,569
333-438
0,1578
0,569
35,0
0,0171
Шөп шабуға арналған,
05-079-022 есеп кварталы аумағындағы жер учаскесі тұстамасындағы Талдыбұлақ өзенінің тармағы
(оң жағалау)
0,489
0,510
35,0
0,0172
Шөп шабуға арналған, 05-079-022 есеп кварталы аумағындағы жер учаскесі түстамасында Талдыбұлақ өзені (оң жағалау)
0,507
434-565
0,2143
0,507
35,0
0,0170
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы