Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года № 150-V «Об утверждении Перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи»

Өзге акт · № 237-VI · қабылданған 26.04.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/04-2013-no-150-v/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года № 150-V «Об утверждении Перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи» Күшін жойған Өзге акт ·№ 237-VI ·26.04.2019
06.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года № 150-V «Об утверждении Перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 237-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение районного маслихата от 04 декабря 2013 года № 150-V «Об утверждении Перечня категории получателей и предельных размеров социальной помощи»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы № 150-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
237-VI
Қабылданған күні
26.04.2019
Көрсетілген редакция
06.12.2021 131048_560527.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19TD004390
ЭКБ идентификаторы
131048
Редакция идентификаторы
131048_560527
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 20:11

0 Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы №150-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Кұқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес және аудан әкімдігінің қаулысын қарап, Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 04 желтоқсандағы №150-V «Алушылар санатының тізбесін және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №2804 санымен тіркелген, «Нарын-таңы» газетінде 2013 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы келесі 6), 7), 8) тармақшаларымен толықтырылсын:
«6) 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға;
7) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар ішінен оқшаулау және көшіру жүргізілген аймақтан Қазақстан Республикасына көшірілген (өз еркiмен көшкен), көшірілген күнi анасының құрсағындағы болған балаларға;
8) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Исатай аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, гендерлік саясат, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясына (Л.Мутянова) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қолданыстағы