Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение районного маслихата от 04 мая 2015 года № 36/4 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Өзге акт · № 40/4 · қабылданған 22.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/04-2015-no-364/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в решение районного маслихата от 04 мая 2015 года № 36/4 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған Өзге акт ·№ 40/4 ·22.09.2015
27.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение районного маслихата от 04 мая 2015 года № 36/4 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 40/4 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение районного маслихата от 04 мая 2015 года № 36/4 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Атауы (қаз.)
«Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
40/4
Қабылданған күні
22.09.2015
Көрсетілген редакция
27.04.2016 94793_86170.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15SL003425
ЭКБ идентификаторы
94793
Редакция идентификаторы
94793_86170
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:17

0 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 04 мамырдағы № 36/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 11 маусымда № 3270 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда «Көтерілген тың» аудандық газетінде жарияланған, 2015 жылғы 20 маусымдаа «Нива» аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
«Кемтар балаларды әлеуметік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабы 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығына сәйкес, Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі тиісті оқу жылының барысында жүргізеді».
2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды:

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес, өтінішті;
алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;
мүгедектігі туралы анықтаманы;
банктегі шоттың болуы туралы құжатты;
«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген, осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес, кемтар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын ұсынады».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы