Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 04 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики»

Қаулы · № 117 · қабылданған 28.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/04-2016-no-67/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 04 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики» Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·28.05.2018
23.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 04 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики»

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мангистауской области от 04 марта 2016 года № 67 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области электроэнергетики»
Атауы (қаз.)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
28.05.2018
Көрсетілген редакция
23.04.2020 122297_459000.kaz
Соңғы өзгеріс
23.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18M0003632
ЭКБ идентификаторы
122297
Редакция идентификаторы
122297_459000
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:21

0 Маңғыстау облысы әкімдігінің

2016 жылғы 4 наурыздағы № 67
«Электр энергетикасы саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 67 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3002 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған):
1 тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын.
«1) «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Белгіленген электр қуаты 5МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі
(бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекті қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелік оператор үшін 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.»;
3 тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11130 болып тіркелген) бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.»;
3 тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрінде.»;
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс -қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан стандарттың 9-тармағында көрсетілген өтінішті және өзге құжаттарды алуы немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуын алуы болып табылады.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттің 1 - қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін регламенттің 2-қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2

2. «Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Х. Аманбеков) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Қ. Аманғалиевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Маңғыстау облысының энергетика
және тұрғын үй – коммуналдық
шаруашылық басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Х. Аманбеков
«28» мамыр 2018 жыл

5 Шартты белгілер:

Маңғыстау облысы әкімдігінің
2018 жылғы «28» мамырдағы
№ 117 қаулысына 1 қосымша
«Энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы
кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын
беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2 – қосымша
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы