О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Коктальского сельского округа от 04 мая 2020 года № 12 «Об установлении ограничительных мероприятий»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Коктальского сельского округа от 04 мая 2020 года № 12 «Об установлении ограничительных мероприятий»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Көктал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 04 мамырдағы № 12 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 03.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 03.07.2020 144869_474393.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VR007349
- ЭКБ идентификаторы
- 144869
- Редакция идентификаторы
- 144869_474393
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:41
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы» Көктал ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 04 мамырдағы № 12 шешімінің күші
жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. 2020 жылдың 25 маусымдағы № 211 ұсынысы негізінде Көктал ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде ірі қара малдары арасынан пастреллез ауруының ошағын жою жөніндегі ветеринариялық
іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Көктал ауылдық округінің Көктал ауылында «Адам», «Аян», «Мұхит», «Ерсұлтан» шаруа қожалықтарының аумағында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2 2. Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 12 «Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылдың 04 мамырда
№ 7038 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 06 мамырда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.