Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата Костанайской области от 04 августа 2020 года № 519 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тогузакского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области»

Ереже · № 138 · қабылданған 13.05.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/04-2020-no-519/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата Костанайской области от 04 августа 2020 года № 519 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тогузакского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области» Күшін жойған Ереже ·№ 138 ·13.05.2022
13.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата Костанайской области от 04 августа 2020 года № 519 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тогузакского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области»

Күшін жойған Ереже ·№ 138 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Карабалыкского районного маслихата Костанайской области от 04 августа 2020 года № 519 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Тогузакского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области»
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 тамыздағы «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 519 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138
Қабылданған күні
13.05.2022
Көрсетілген редакция
13.11.2023 168249_666651.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NL00138M
ЭКБ идентификаторы
168249
Редакция идентификаторы
168249_666651
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:58

0

Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 тамыздағы «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 519 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарабалық ауданының маслихаты ШЕШТІ:

1. «Қостанай облысы Қарабалық аудандық мәслихатының 2020 жылғы 04 тамыздағы «Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиыны қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» № 519 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9367 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастықтың жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімінің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген шешімге қосымшаларда:
«Мәслихаттың 2020 жылғы 04 тамыздағы № 519 шешімімен бекітілген», «Мәслихаттың 2020 жылғы 04 тамыздағы № 519 шешіміне қосымша»
деген сөздер «Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 1-қосымша» және «Қарабалық аудандық мәслихатының шешіміне 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Тоғызақ ауылдық округінің әкімі
____________ И. Проскурникова
2022 жылғы «__» _____________

3 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Қарабалық аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 138 шешіміне
1-қосымша
Мәслихатының
2022 жылғы 04 тамыздағы
№ 519 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес әзірленді және Тоғызақ ауылдық округінің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын мөлшерде өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тоғызақ ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Тоғызақ ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін он күнге.

7. Учаске шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Тоғызақ ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашылуы алдында тиісті учаскенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Тоғызақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Тоғызақ ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін учаске тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудан мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол

Тоғызақ ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

20 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Қарабалық аудандық мәслихатының
2022 жылғы 13 мамырдағы
№ 138 шешіміне
2-қосымша
Мәслихатының
2020 жылғы 04 тамыздағы
№ 519 шешімімен
1-қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елдің мекеннің атауы
Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Тоғызақ ауылы тұрғындары үшін
3
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Гурьянов ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Ворошилов
ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Верен ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Надеждин ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Елшан ауылы тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Целинный ауылы тұрғындары үшін
1
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Сарыкөл ауылы тұрғындары үшін
2
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылдық округінің Котлован ауылы тұрғындары үшін
1

Қолданыстағы