Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе земельного участка с кадастровым номером 05-070-036-016 в селе Ермаковка района Алтай Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранной зоны и водоохранной полосы Усть-Каменогорского водохранилища в створе земельного участка с кадастровым номером 05-070-036-016 в селе Ермаковка района Алтай Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы 05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 17.05.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2019 131633_406026.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19V0005957
- ЭКБ идентификаторы
- 131633
- Редакция идентификаторы
- 131633_406026
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:53
0 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы
05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы 05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы
05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Алтай ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысы
______________ Қ. Баймағамбетов
2019 жылғы «17» мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2019 жылғы «17» мамыр
12 Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы 05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2019 жылғы «17» мамырдағы
№ 166 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Ермаковка ауылындағы 05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінің тұстамасындағы Өскемен су қоймасының су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
Ұзындығы, км
Ауданы, га
Ені, м
1
2
3
4
5
6
7
05-070-036-016 кадастрлық нөмірлі жер учаскесі тұстамасындағы Өскемен су қоймасы
0,137
0,6556
500
0,137
0,6123
35
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.