Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос водных объектов в створе испрашиваемых земельных участков, в учетных кварталах 05-079-002, 05-079-003, в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении водоохранных зон и водоохранных полос водных объектов в створе испрашиваемых земельных участков, в учетных кварталах 05-079-002, 05-079-003, в Уланском районе Восточно-Казахстанской области и режима их хозяйственного использования
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарында сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 301
- Қабылданған күні
- 25.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 25.08.2020 146483_482317.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20V0007549
- ЭКБ идентификаторы
- 146483
- Редакция идентификаторы
- 146483_482317
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:04
0 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарында сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының
8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарында сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
2
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарында сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін.
2
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бекітілген жобалық құжаттаманы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Ұлан ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3 3. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи ресурстар
министрлігі Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясының басшысының міндетін атқарушы
______________ М. Иманжанов
2020 жылғы «___»_______________
11 Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2020 жылғы 25 тамызы
№ 301
қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы 05-079-002, 05-079-003 есептік кварталдарындағы сұралып отырған жер учаскелері тұстамасындағы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері
Ескертпе:
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген жобалық құжаттаманың картографиялық материалында көрсетілген.