О внесении изменения в решение Жуалынского районного маслихата от 05 сентября 2013 года № 20-5 «О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Жуалынского районного маслихата от 05 сентября 2013 года № 20-5 «О предоставлении единовременной социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах»
- Атауы (қаз.)
- «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29-9
- Қабылданған күні
- 29.06.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.08.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2019 123732_405899.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18GD003904
- ЭКБ идентификаторы
- 123732
- Редакция идентификаторы
- 123732_405899
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:52
0 «Ауылдық елді мекендерде
тұратын және жұмыс істейтін
мемлекеттік денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт
және ветеринария ұйымдарының
мамандарына отын сатып алу үшін
біржолғы әлеуметтік көмек беру
туралы» Жуалы аудандық мәслихатының
2013 жылғы 05 қыркүйектегі
№ 20-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек беру туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 20-5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2020 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қазандағы аудандық «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебiнен төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін біржолғы әлеуметтік көмек Жамбыл облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі».