Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 05 декабря 2014 года №241 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам),проживающим в Махамбетском районе»

Ереже · № 261 · қабылданған 26.02.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/05-2014-no241/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 05 декабря 2014 года №241 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам),проживающим в Махамбетском районе» Күшін жойған Ереже ·№ 261 ·26.02.2015
18.09.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.09.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 05 декабря 2014 года №241 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам),проживающим в Махамбетском районе»

Күшін жойған Ереже ·№ 261 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение районного маслихата от 05 декабря 2014 года №241 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям(гражданам),проживающим в Махамбетском районе»
Атауы (қаз.)
Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №241 Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
261
Қабылданған күні
26.02.2015
Көрсетілген редакция
18.09.2015 87885_57317.kaz
Соңғы өзгеріс
18.09.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15TC003138
ЭКБ идентификаторы
87885
Редакция идентификаторы
87885_57317
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 16:26

0 Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы

05 желтоқсандағы №241 Махамбет
ауданында тұратын аз қамтылған
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсетудің қағидасын бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс пен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 05 желтоқсандағы №241 «Махамбет ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3071 санымен тіркелген, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінде 2015 жылғы 22 қаңтарда жарияланған) шешімімен бекітілген қағидасына келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 6), 7) тармақшалармен толықтырылсын:

«6) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум
объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін болашақта жүргізілетін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған шығыстарының міндетті сомасы;»;

2 2) 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

« жекешендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй–жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;».

2 2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымына (Ш.Торбаева) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы