Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата района от 05 февраля 2015 года № 41/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района»

Қаулы · № 14/1 · қабылданған 28.01.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/05-2015-no-412/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата района от 05 февраля 2015 года № 41/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 14/1 ·28.01.2016
21.02.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата района от 05 февраля 2015 года № 41/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 14/1 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата района от 05 февраля 2015 года № 41/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Щербактинского района»
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 41/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/1
Қабылданған күні
28.01.2016
Көрсетілген редакция
21.02.2018 99632_300558.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16PM004948
ЭКБ идентификаторы
99632
Редакция идентификаторы
99632_300558
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:47

0 Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 41/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-4 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Шарбақты ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 05 ақпандағы «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 41/2 қаулысына (№ 4340 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 10 наурызда тіркелген, аудандық № 11 «Маралды» газетінде 2015 жылғы 19 наурызда, аудандық № 11 «Трибуна» газетінде 19 наурызда жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесінде:
16 тармағы келесі «Тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты және жергілікті атқарушы органдар басшылығын үйлестіруді жүзеге асыру.» сөйлемімен толықтырылсын;
19 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
4) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
5) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастырады;
8) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
10)  энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
11) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң пайдалануды ұйымдастырады;
13) Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастырады;
14) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) маңызы бар жолдарды салуды, пайдалануды және күтiп ұстауды ұйымдастырады;
15) қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендiру мәселелерiн шешедi;
16) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарына жүктелген өзге уәкілеттікті жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу және концесссия туралы заңнамасына сәйкес жалпы пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, елді мекенді кенттердің көше құрылысы, құрылысты қайта жаңарту, жөндеу және қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру;
19) аудандық маңызы бар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекенді кенттердегі көше желісін басқару.

2 2. «Шарбақты ауданының тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережеге енгізілген толықтыруларды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік етуші орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы