О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Карасуского сельского округа Жарминского района от 05 декабря 2017 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» и в селе Киши Карасу Жарминского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решение акима Карасуского сельского округа Жарминского района от 05 декабря 2017 года № 1 «Об установлении ограничительных мероприятий в крестьянских хозяйствах «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» и в селе Киши Карасу Жарминского района»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын алу және «Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» шаруа қожалықтарына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» Жарма ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 08.01.2019
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2019 128564_385510.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VJO00165
- ЭКБ идентификаторы
- 128564
- Редакция идентификаторы
- 128564_385510
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 21:25
0
Шектеу іс-шараларын алу және «Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» шаруа қожалықтарына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» Жарма ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2018 жылғы 28 қарашадағы № 457 ұсынысы негізінде, Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылында және «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» шаруа қожалықтарында шектеу iс-шаралары алынсын.
2
2. Жарма ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 05 желтоқсандағы № 1 «Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылына және «Черногорка», «Альжан», «Тоғас», «Ерболат», «Ерлан», «Малика» шаруа қожалықтарына шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5342 тіркелген, 2017 жылы 29 желтоқсанда «Қалба тынысы» аудандық газетінде және 2017 жылы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы шешімінің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде, қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;