Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы для левого берега ручья Безымянный, в створе артезианской скважины Ак-Кайнар, расположенного в 0,5 км западнее села Караой Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қаулы · № 360 · қабылданған 27.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/05-ekb-118105/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы для левого берега ручья Безымянный, в створе артезианской скважины Ак-Кайнар, расположенного в 0,5 км западнее села Караой Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 360 ·27.12.2017
27.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы для левого берега ручья Безымянный, в створе артезианской скважины Ак-Кайнар, расположенного в 0,5 км западнее села Караой Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 360 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранной зоны и водоохраной полосы для левого берега ручья Безымянный, в створе артезианской скважины Ак-Кайнар, расположенного в 0,5 км западнее села Караой Курчумского района Восточно-Казахстанской области, и режима их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
360
Қабылданған күні
27.12.2017
Көрсетілген редакция
27.12.2017 118105_280761.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17V0005429
ЭКБ идентификаторы
118105
Редакция идентификаторы
118105_280761
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:18

0 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналғансу қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

2

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

2

2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Күршім ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

3 3. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына оған жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
______________ Қ. Баймағамбетов
2017 жылғы «27»12
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің басшысы
______________ Ғ. Сүлейменов
2017 жылғы «27»12

12 Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2017 жылғы «27» желтоқсан
№ 360 қаулысына қосымша
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
Ұзындығы, км
Ені, м
Ауданы, га
1
2
3
4
5
6
7
Безымянный бұлағы
0,38
250-400
11,1
0,39
35
1,4
Ескертпе:
Су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені бекітілген Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Қараой ауылынан батысқа қарай 0,5 км қашықтықта орналасқан Ақ-Қайнар артезиан ұңғымасы тұстамасындағы Безымянный бұлағының сол жағалауына арналған су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Қолданыстағы