Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 06 декабря 2012 года № 10/2 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе"

Ереже · № 25/7 · қабылданған 27.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/06-2012-no-102/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 06 декабря 2012 года № 10/2 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе" Күшін жойған Ереже ·№ 25/7 ·27.03.2014
27.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 06 декабря 2012 года № 10/2 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе"

Күшін жойған Ереже ·№ 25/7 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 06 декабря 2012 года № 10/2 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Аршалынском районе"
Атауы (қаз.)
Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25/7
Қабылданған күні
27.03.2014
Көрсетілген редакция
27.03.2014 79365_179852.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14BD004124
ЭКБ идентификаторы
79365
Редакция идентификаторы
79365_179852
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:22

0 Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 "Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 06 желтоқсандағы № 10/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3566 тіркелген, 2013 жылдың 6 қаңтарында аудандық «Аршалы айнасы» газетінде, 2013 жылдың 12 қаңтарында аудандық «Вперед» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
осы шешіммен бекітілген, Аршалы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында:
1 тараудың 1 тармағының 4) тармақшасы алынып тасталсын;
1 тараудың 1 тармағының жетінші, сегізінші, тоғызыншы азат жолдары келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне 15 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.»;
2 тараудың 5 тармақта:
3) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
6) тармақшасы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Аршалы ауданының әкімі Қ.Қарауылов

Қолданыстағы