О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 06 декабря 2023 года № 16-50 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Ескельдинского районного маслихата от 06 декабря 2023 года № 16-50 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Ескельдинского района»
- Атауы (қаз.)
- Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 06 желтоқсандағы «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №16-50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27-86
- Қабылданған күні
- 24.05.2024
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2024 197183_701537.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24IE021419
- ЭКБ идентификаторы
- 197183
- Редакция идентификаторы
- 197183_701537
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:24
0 Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 06 желтоқсандағы «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
№16-50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ескелді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 06 желтоқсандағы «Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» №16-50 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 189660 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ескелді ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
1
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»
7-тармақтың 6) тармақшасының бірінші бөлігінде «5 (бес)» саны «7 (жеті)» санына өзгертілсін.