Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 07 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Бұйрық · № 67 · қабылданған 20.02.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/07-2013-no-413/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 07 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак» Қолданыста Бұйрық ·№ 67 ·20.02.2023
20.02.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 07 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»

Қолданыста Бұйрық ·№ 67 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 07 октября 2013 года № 413 «О некоторых мерах по реализации международной стипендии «Болашак»
Атауы (қаз.)
«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
67
Қабылданған күні
20.02.2023
Көрсетілген редакция
20.02.2023 178783_621373.kaz
Соңғы өзгеріс
20.02.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300031946
ЭКБ идентификаторы
178783
Редакция идентификаторы
178783_621373
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:21

0 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8880 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Стипендиаттармен оқуға/тағылымдамадан өтуге шарт жасасу, стипендиаттарды орналастыруды жүзеге асыру, стипендиаттардың үлгерім мониторингі мен еңбек қызметін жүзеге асыру, стипендиаттардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету ретінде ұсынылған кепіл мүлкін ауыстыру, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім шығарған күннен бастап тұрақсыздық төлемін (айыппұлды) қоса алғанда, стипендиатқа жұмсалған шығыстарды өтеу қағидаларында:
28-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28-2. Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Стипендиат растаушы құжаттарымен қоса еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру туралы өтінішпен Қоғамға жүгінеді. Қоғам Стипендиатқа еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кейінге қалдыруды ұсыну туралы мәселені Комиссияның қарауына келесі жағдайларда енгізеді:
1) еңбек қызметін жүзеге асыруға кедергі болған ауруды емдеу;
2) мемлекеттік немесе әскери қызметші болып табылатын және шетелге уақытша жұмысқа немесе қызметтен өтуге жіберілген зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
3) жүктілік жағдайы, сондай-ақ үш жасқа дейін баланы (балаларды) тәрбиелеу;
4) шетелде оқитын зайыбымен немесе жұбайымен ілесіп жүру;
5) Іріктеу қағидаларының 8-тармағына сәйкес «Болашақ» бағдарламасы шеңберіндегі оқуды қоспағанда, докторантура бағдарламасы бойынша академиялық оқуды жалғастыру;
6) Стипендиаттың ағымдағы жылы шетелде академиялық оқуын аяқтаған кезде 12 айдан аспайтын еңбекпен өтеу бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыруды ұсыну туралы Стипендиат өтініш берген сәтінде рейтингтердің соңғы жарияланымдарына сәйкес әлемнің үздік ұйымдарының («Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies») әлемдік рейтингтеріне кіретін ұйымдарда өндірістік тағылымдамадан өтуі;
7) Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық ұйымдарында 12 айдан аспайтын мерзімде тағылымдамадан өту;
8) алған мамандығы бойынша 12 айдан аспайтын мерзімде посдокторантурадан өту.
Еңбекпен өтеуді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді орындауды кейінге қалдыру Қағидалардың осы тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда бір рет беріледі.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы