О внесении изменении и дополнении в постановление акимата Макатского района от 07 ноября 2013 года №302 «Об организации общественных работ в Макатском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении и дополнении в постановление акимата Макатского района от 07 ноября 2013 года №302 «Об организации общественных работ в Макатском районе»
- Атауы (қаз.)
- Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы №302 «Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 53
- Қабылданған күні
- 13.03.2015
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2016 88816_80822.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15TG003153
- ЭКБ идентификаторы
- 88816
- Редакция идентификаторы
- 88816_80822
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:09
0 Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы
07 қарашадағы №302 «Мақат ауданында
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы» қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 07 қарашадағы №302 «Мақат ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының (әрі қарай-Қаулы) 1-қосымшасына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2792 санымен тіркелген, аудандық «Мақат тынысы» газетінің 2013 жылғы 21 қарашада жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) Қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес «55, 56» жолдарымен толықтырылсын;
2 2) мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтінде «поселкесі», «поселкесінің» деген сөздер «кенті», «кентінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 3) 27-жолдағы «Қазақстан Республикасы Атырау облысы Мақат аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мақат аудандық қаржы және экономика бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
4 4) 41-жолдағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік
(ХҚКОРМК) ___________ (АОСЭСО) ____________
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі»
деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Мақат аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстарылсын;
5
5) 45-жолдағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Атырау облысы бойынша Салық департаментінің Мақат ауданы бойынша Салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстарылсын;
6 6) 53-жолдағы «Мақат аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Мақат аудандық кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Халыққа қызмет көрсету орталығы»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
Атырау облысы бойынша филиалының
директоры _______________ А. Т. Нұржанов
«___» ______________ 2015 жыл
Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі Тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің «Атырау
облыстық санитариялық-эпидемиологиялық
сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны директоры ____________ М.С.Ескалиева
«___» ______________ 2015 жыл
10 Мақат ауданы әкімдігінің
2015 жылғы « 13» наурыздағы
№_53 қаулысына қосымша
Ұйымдардың тізбесі және қоғамдық жұмыстардың түрлері
№
Ұйымдардың тізбесі
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
55
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны Атырау облысы бойынша филиалы
Шабарман, еден жуушы, Электронды есептегіш машинасының операторы, іс жүргізуші
56
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономиска министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің «Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Шабарман