О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 07 февраля 2017 года № 06/28 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Сатпаев от 07 февраля 2017 года № 06/28 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов»
- Атауы (қаз.)
- Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 07 ақпандағы № 06/28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/01
- Қабылданған күні
- 24.04.2020
- Көрсетілген редакция
- 04.02.2021 142228_508058.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20KF005807
- ЭКБ идентификаторы
- 142228
- Редакция идентификаторы
- 142228_508058
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:47
0 Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 07 ақпандағы
№ 06/28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 06/28 «Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4163 тіркелген, 2017 жылғы 31 наурызда «Шарайна» газетінің
№ 12 (2253) және 2017 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ. Төлендинаға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Сәтбаев қаласы
әкімдігінің
2020 жылғы 24 сәуірі
№ 24/01
қаулысына қосымша
Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 7 ақпандағы
№ 06/28 қаулысының
қосымшасы
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Реттік №
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)
1.
"Күншуақ" № 33 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
58
2
1
2.
"Нұрбөбек" № 5 балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
60
2
1
3.
"С.Сейфуллин атындағы гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекеме
90
2
2
4.
"Сәтбаев қаласының № 1 мектеп -гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекеме
130
3
4
5.
"Абай атындағы № 4 мектеп - лицей" коммуналдық мемлекеттік мекеме
145
3
4
6.
"№ 9 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме
74
2
1
7.
"№ 19 жалпы білім беру мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекеме
106
3
3
8.
"Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестік
193
3
6
Барлығы
856
-
22