Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 07 февраля 2019 года № 300 «О предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно»

Өзге акт · № 357 · қабылданған 16.10.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/07-2019-no-300/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 07 февраля 2019 года № 300 «О предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно» Күшін жойған Өзге акт ·№ 357 ·16.10.2019
24.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 07 февраля 2019 года № 300 «О предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 357 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Кызылординского областного маслихата от 07 февраля 2019 года № 300 «О предоставлении лекарственных средств отдельным категориям граждан Кызылординской области при амбулаторном лечении бесплатно»
Атауы (қаз.)
«Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 07 ақпандағы № 300 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
357
Қабылданған күні
16.10.2019
Көрсетілген редакция
24.08.2020 135466_478730.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19L0006935
ЭКБ идентификаторы
135466
Редакция идентификаторы
135466_478730
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:11

0 «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 07 ақпандағы № 300 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін дәрілік заттарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 07 ақпандағы № 300 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6682 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 16 ақпанда «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Қызылорда облыстық мәслихатының

2019 жылғы «16» қазандағы № 357 шешіміне
қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2019 жылғы «07» ақпандағы № 300 шешіміне
қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін
берілетін дәрілік заттар

Ауру түрі
Халық санаты
Дәрілік заттарды тағайындау үшін айғақтар (дәрежесі, сатысы, ауыр ағым)
Дәрілік заттардың атаулары (шығару нысаны)
1
Басқа көріністі жылауықты фиброз (муковисцидоз)
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар
Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері
- Тобрамицин (сыртқы нысан) 300 мг/5мг, ұнтақ ингаляцияға арналған капсуладағы 28 мг;
- Ацетилцистеин 100мг, 200 мг;
- Ортатізбелі триглициридтері бар толыққанды құнарлы қоспа. (Сусын немесе қосымша тамақтануға, сондай-ақ энтералді зонд ретінде қолдануға арналған. 3-жастан жоғары балаларға және ересектерге тағайындалады);
2
Идиопатикалық және екіншілік
өкпе артериясының гипертензиясы
II, III, IV сатылары
- Силденафил 25 мг,
50 мг;
- Бозентан 125 мг;
- Риоцигуат 2,5 мг;
- Илопрост ингаляцияға арналған ерітінді, 10 мкг/мл, 2 мл;
3
Аяқтың эмболиясы және тромбозы
Басқа антикоагулянттық дәрілік препаратты қолдану мүмкін болмағанда
- Ривароксабан 10 мг,
20 мг;
- Эноксапарин Натрия 0,6 мг;
4
Ювенильді идиопатиялық артрит (балалардағы)
Аурудың полиартритикалық формасы мен жүйелер бойынша зақымдану клиникалық белгілерінің болуы, этиотропты
генді-инженерлік биологиялық дәрілік препаратты ем ретінде қолдану
- Адалимубаб, инъекцияға арналған ерітінді 40 мг/0,8 мл;
5
Буллезды эпидермолиз
Өмір сапасын жақсартады және өмір сүру ұзақтығын ұзартады
- Таңып-байлау материалдары, санитарлық гигиенаға арналған зат (сабын) мамандандырылған қорек;
6
Бехчет ауруы
- Инфликсимаб 100 мг;
7
Көмей стенозыIV дәрежесі (балалардағы)
- Оттегімен жасанды қамтамасыз етуге және санитарлық гигиенаға арналған залалсыздандыру материалдары;
- Будесонид, дозаланған ингаляцияға арналған суспензия 0,25 мг/мл 2 мл;
- Повидон - йод 1%-50 мл;
- Флуимуцил 100 мг/мл, инъекция мен ингаляцияға арналған ерітінді;
- Натрия хлорид
0,9%-100,0;
Хлоргексидин биглюконаты, сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 0,05%;
8
Целиакия
Туа біткен ферментопатия кезіндегі алмастырғыш дәрілік препарат
- Панкреатин
10000 ЕД/150 мг;
- Панкреатин
25000 ЕД/300 мг;
9
Созылмалы қабынулық демиелинизациялық полинейропатия
Инфекцияға ағзаның қарсы тұра алу қабілетін қамтамасыз ететін екіншілік гуморальды препарат
- Адами қалыпты иммуноглобулин
G 50 мл, 100 мл;
10
Иммунды тромбоцитопениялық пурпура
Тромбоцитопениялық пурпураның ауыр түрі, геморрагиялық синдроммен, I, II қатардағы емге көнбеген жағдайда
- Элтромбопаг 50 мг;
11
Остеопароз
Остеопаразоның генерализацияланған нысаны, ауыр ағымы, III, IV дәрежелері, сүйек кемігінің бұзылуы ұлғайған кезінде
- Золедрон қышқылы
5 мг/100 мл;
12
Туа біткен гиперинсулинизм
Туа біткен гормонопатия кезіндегі алмастырғыш препараты
- Октреотид 0,05мг/мл, 0,1мг/мл;
13
Псориаз
Ауырлықтың дәрежесіне қарамастан барлық түрлері
- Бетаметазон, салицил қышқылы, 15 гр жақпа майы;
14
Көптік миелома
Ісіктің ұзақ мерзімді регрессиясы кезінде,
сондай-ақ рефрактерлі түрі бар пациенттерде де қолданылады
- Даратумумаб 400мг/20 мл, 20 мл инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат;
100 мг / 5 мл, 5 мл инфузиялық ерітіндіні дайындайтын концентрат;
15
Қант диабеті 1 типі, ауыр ағымда декомпенсация сатысы
Гипергликемиялық жағдайға байланысты
- Инсулиндік помпаға арналған резервуар 3 мл,
инсулин помпасына жиынтық;
16
Бүйректің гетеротоксикалық аллотрансплантациясынан кейінгі жағдай
Ағзалар трансплантациясынан кейінгі қауіп тобына жататын науқастарды цитомегаловирустық инфекцияның алдын алу мақсатында
- Валганцикловир
қабықпен қапталған
450 мг таблетка;
17
Психикалық және мінез-құлықтық ауытқулары
«Д» есепте тұрмайтындар үшін
Депрессивтік жағдайлар
Қобалжу
- Сертралин 50 мг таблетка;
- Флувоксамин 50 мг таблетка;
- Диазепам 5 мг таблетка.
Аббревиатураның толық жазылуы:
мг - миллиграмм;
мл - миллилитр;
мкг - микрограмм;
% - пайыз;
гр - грамм.

Қолданыстағы