О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 07 июля 2022 года № 159 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел внутренней политики акимата Есильского района Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 07 июля 2022 года № 159 «Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел внутренней политики акимата Есильского района Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44
- Қабылданған күні
- 09.03.2023
- Көрсетілген редакция
- 09.03.2023 179009_621671.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23SF00044A
- ЭКБ идентификаторы
- 179009
- Редакция идентификаторы
- 179009_621671
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:15
0
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі № 159 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 07 шілдедегі № 159 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
3 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
3
« 3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады»;
9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
9 «9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А.Иманов көшесі, 78 А».
2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;