Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 08 июля 2014 года № 34/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Қаулы · № 66/02 · қабылданған 12.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/08-2014-no-3404/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 08 июля 2014 года № 34/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи» Күшін жойған Қаулы ·№ 66/02 ·12.12.2014
05.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 08 июля 2014 года № 34/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»

Күшін жойған Қаулы ·№ 66/02 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 08 июля 2014 года № 34/04 «Об утверждении регламента государственной услуги «Назначение жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 34/04 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
66/02
Қабылданған күні
12.12.2014
Көрсетілген редакция
05.05.2016 86551_87697.kaz
Соңғы өзгеріс
05.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14K0002912
ЭКБ идентификаторы
86551
Редакция идентификаторы
86551_87697
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:35

0 «Тұрғын үй көмегін

тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы»
Қарағанды облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
08 шілдедегі № 34/04
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 08 шілдедегі № 34/04 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2718 болып тіркелген, «Орталық Қазақстан» 2014 жылғы 26 тамыздағы № 161-162 (21796), «Индустриальная Караганда» 2014 жылғы 26 тамыздағы № 149-150 (21670-21671) газеттерінде, 2014 жылғы 21 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 1) нұсқалған қаулымен бекітілген «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

5 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады – 15 минут. Нәтижесі – тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 30 минут. Нәтижесі – орындау үшін жауапты орындаушыны белгілеу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді – күнтізбелік 9 күн. Нәтижесі – хабарламаны дайындау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы құжаттармен танысады – 30 минут. Нәтижесі – хабарламаға қол қою;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама береді – 15 минут. Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі журналында көрсетілетін қызметті алушының қолы.»;
7 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қол қою үшін басшылыққа құжаттарды жолдайды – 15 минут;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды жауапты орындаушыға жібереді – 30 минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды материалдарымен қоса басшылыққа жолдайды – күнтізбелік 9 күн;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы хабарламаға қол қояды – 30 минут;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі хабарламаны береді – 15 минут.»;

2 2) «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3 3..Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

6 Қарағанды облысы әкімдігінің

2014 жылғы «12» желтоқсан
№ 66/02 қаулысына қосымша
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
«Тұрғын үй көмегін тағайындау»

Қолданыстағы