О внесении изменений в решение акима Аршалынского района от 09 декабря 2014 года № 23 «Об образовании избирательных участков»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Аршалынского района от 09 декабря 2014 года № 23 «Об образовании избирательных участков»
- Атауы (қаз.)
- Аршалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 23 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 13
- Қабылданған күні
- 21.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2016 93118_181814.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15BD004953
- ЭКБ идентификаторы
- 93118
- Редакция идентификаторы
- 93118_181814
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:02
0 Аршалы ауданы әкімінің
2014 жылғы 09 желтоқсандағы
№ 23 «Сайлау учаскелерін құру
туралы» шешіміне өзгерістер енгізу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 2 тармағына, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4673 болып тіркелді) «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Ақмола облысы әкімінің және Ақмола облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне, Ақмола облысы әкімдігінің қаулылары мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» біргелікті Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6 шешіміне сәйкес, Аршалы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Аршалы ауданы әкімінің «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 23 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде № 4548 тіркелген, «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерінде 2015 жылғы 19 қаңтарда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
қосымшада мемлекеттік тілде «селосы» сөзі «ауыл» сөзімен, орыс тілінде «аул» сөзі «село» сөзімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ. Балташевқа жүктелсін.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Аршалы аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
__________Л. Асанова
«___»_________2015 жылғы