Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Ереже · № 104 · қабылданған 27.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 09.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/09-2015-no-291-ekb-109832/on/2026-09-09/
Басып шығарылды 2026-09-09 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи» Күшін жойған Ереже ·№ 104 ·27.01.2017
09.02.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
09.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.02.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»

Күшін жойған Ереже ·№ 104 · 09.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата от 09 февраля 2015 года № 291 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи»
Атауы (қаз.)
Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
104
Қабылданған күні
27.01.2017
Көрсетілген редакция
09.02.2024 109832_684787.kaz
Соңғы өзгеріс
09.02.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17NA006828
ЭКБ идентификаторы
109832
Редакция идентификаторы
109832_684787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:20

0 Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Мәслихаттың 2015 жылғы 09 ақпандағы № 291 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5400 тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Наш Костанай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасындағы:
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушы жүгінген ағымдағы тоқсанда тағайындалады және көрсетіледі.»;
6 - тармақ алынып тасталсын;
15 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«15. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін алынатын шығыстар өткен тоқсанның есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтердің шығыстары нормаларынан аспайтын нақтылы шығындармен анықталады.»;
20 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«20. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен қызметті алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы, қызметті алушының, қызметтерді көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________С. Умаров
2017 жылғы «27» қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қостанай қаласы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
__________________Н. Дорошок
2017 жылғы «27» қаңтар

Қолданыстағы