О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 09 декабря 2019 года № 47/10 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата от 09 декабря 2019 года № 47/10 «Об утверждении Регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района»
- Атауы (қаз.)
- «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9/6
- Қабылданған күні
- 14.12.2023
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2023 190433_672862.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G23LI00096M
- ЭКБ идентификаторы
- 190433
- Редакция идентификаторы
- 190433_672862
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 14:52
0 «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы № 47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентін бекіту туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы №47/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7013 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының Регламентінде:
4-тармақта:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;»;
оныншы абзац алып тасталсын;
он бірінші абзац алып тасталсын.