Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района» от 09 декабря 2019 года №47/10

Өзге акт · № 12/3 · қабылданған 29.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/09-2019-no4710-ekb-159144/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района» от 09 декабря 2019 года №47/10 Қолданыста Өзге акт ·№ 12/3 ·29.09.2021
29.09.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района» от 09 декабря 2019 года №47/10

Қолданыста Өзге акт ·№ 12/3 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Шиелийского районного маслихата «Об утверждении регламента собрания местного сообщества сельских округов Шиелийского района» от 09 декабря 2019 года №47/10
Атауы (қаз.)
Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiн бекiту туралы» №47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12/3
Қабылданған күні
29.09.2021
Көрсетілген редакция
29.09.2021 159144_539774.kaz
Соңғы өзгеріс
29.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21LI00123M
ЭКБ идентификаторы
159144
Редакция идентификаторы
159144_539774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:32

0 Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiн бекiту туралы» №47/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Шиелі аудандық мәслихатының 2019 жылғы 09 желтоқсандағы «Шиелі ауданының ауылдық округтерінің жергiлiктi қоғамдастық жиналысының Регламентiн бекiту туралы» №47/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7013 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентінде көрсетілген шешіммен бекітілген:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шиелі ауданының аумағындағы халық саны екі мың адам және одан аз ауылдық округтердің Жергiлiктi қоғамдастық жиналыстарының регламенті (бұдан әрi - Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi - Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығымен бекітілген жергiлiктi қоғамдастық жиналысының регламентiне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15630 болып тіркелген) сәйкес әзiрлендi.»;
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Қоғалы, Ақтоған, Телікөл, Жөлек, Ортақшыл, Майлытоғай, Қарғалы ауылдық округтерінің (бұдан әрі – ауылдық округ) бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу.
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;
ауылдық округ әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін тиісті аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;
ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу
және тиісті аумақтарда орналасқан;
жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.»;
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«5. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жиналысқа шақыру уақыты, шақырылу орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі, оған сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей ұсынады.».
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.
Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.
Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:
1) жиналыстың өткізілетін күні мен орны;
2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;
3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім);
4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде ауылдық округ әкіміне беріледі.
Ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде ауданның тиісті мәслихатының қарауына беріледі.
12. Жиналыс қабылдаған шешімдерді ауылдық округ әкімі бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.».

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы