Құжат мәтініне өту

Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 1 000 тенге образца 2006 года и образца 2014 года

Қаулы · № 250 · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-000-2006-2014/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 1 000 тенге образца 2006 года и образца 2014 года Қолданыста Қаулы ·№ 250 ·24.12.2014
28.11.2016 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 1 000 тенге образца 2006 года и образца 2014 года

Қолданыста Қаулы ·№ 250 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении периода параллельного обращения банкнот номиналом 1 000 тенге образца 2006 года и образца 2014 года
Атауы (қаз.)
2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250
Қабылданған күні
24.12.2014
Көрсетілген редакция
28.11.2016 AI86646_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14Y0010205
ЭКБ идентификаторы
86646
Редакция идентификаторы
AI86646_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:21

0 2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ұлттық валюта ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды айналыстан алу жөнінде оңтайлы жұмысқа қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2014 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2014 жылғы 1 желтоқсан – 2017 жылғы 1 наурыз аралығы болып белгіленсін.

2 2. Ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1 1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық пошта операторы:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға өз кассаларынан, сондай-ақ банкоматтар арқылы беруді және қабылдауды жүзеге асырады;
операциялық кассаға келіп түсетін ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;

2 2) Ұлттық Банктің филиалдары:

ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға айналым кассаларынан беруді және қабылдауды жүзеге асырады;
заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгілердегі ақша белгілерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің және заңды тұлғалардың тиісті шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы