О повышении пенсии с 1 апреля 1996 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О повышении пенсии с 1 апреля 1996 года
- Атауы (қаз.)
- 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап зейнетақыны өсiру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 357
- Қабылданған күні
- 26.03.1996
- Көрсетілген редакция
- 26.03.1996 AI82359_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.1996
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P960000357_
- ЭКБ идентификаторы
- 82359
- Редакция идентификаторы
- AI82359_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:24
0 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап зейнетақыны өсiру туралы
"Қазақстан Республикасы халық тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692 U952692_ Жарлығы мен "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1
1. 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап осы күнге дейiн қалыптасқан еңбек, асыраушысынан айрылуына байланысты, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң мүгедектiгi бойынша, әлеуметтiк зейнетақылар мөлшерiн - 20 процентке өсiру жүзеге асырылсын. Мұнда өсiрудiң ең төменгi сомасы еңбек зейнетақыларын (асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақылардан басқа), мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң мүгедектiгi бойынша зейнетақыларға айына 400 теңгеден, асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыларға (асырауындағылардың әрқайсысына), әлеуметтiк зейнетақыларға - 300 теңгеден төмен болмауға тиiс.