Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан» и от 10 декабря 1999 года № 282 «Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Жарлық · № 620 · қабылданған 12.08.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-1996-no-2922-10-1999-no-282/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан» и от 10 декабря 1999 года № 282 «Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 620 ·12.08.2024
12.08.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан» и от 10 декабря 1999 года № 282 «Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 620 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в указы Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан» и от 10 декабря 1999 года № 282 «Вопросы Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
620
Қабылданған күні
12.08.2024
Көрсетілген редакция
12.08.2024 199650_715092.kaz
Соңғы өзгеріс
12.08.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2400000620
ЭКБ идентификаторы
199650
Редакция идентификаторы
199650_715092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:08

0 Қазақстан Республикасының

Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-13), 313-14), 313-15), 313-16) және 313-17) тармақшалармен толықтырылсын:
«313-13) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
313-14) байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын келісу;
313-15) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын келісу;
313-16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу;
313-17) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;»;
19-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту кезінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жолдама беру тәртібін айқындайды;»;

2 2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6) және 32-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
32-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;
32-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;
32-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабарлау;
32-5) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылыққа хабарлау;
32-6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына азаматтарды қорғауға және шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуына жәрдем көрсету;
32-7) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;».

2 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлық 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы