О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 525
- Қабылданған күні
- 18.07.2017
- Көрсетілген редакция
- 18.07.2017 113858_213725.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.07.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1700000525
- ЭКБ идентификаторы
- 113858
- Редакция идентификаторы
- 113858_213725
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:27
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
12-тармақта:
47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«47) ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін органдар мен өзге де ұйымдар іс-қимылын басқаруды, үйлестіруді жүзеге асырады және оның келісімділігін қамтамасыз етеді, олардың қызметінің тактикасын айқындайды, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;»;
мынадай мазмұндағы 64-20), 64-21), 64-22) және 64-23 тармақшалармен толықтырылсын:
«64-20) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады;
64-21) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
64-22) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
64-23) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 51-3) және 51-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«51-3) Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекітеді;
51-4) Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекітеді;».
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында тұрған ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
1. «Қазимпекс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамы.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».