О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 647
- Қабылданған күні
- 06.03.2018
- Көрсетілген редакция
- 06.03.2018 119708_303055.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1800000647
- ЭКБ идентификаторы
- 119708
- Редакция идентификаторы
- 119708_303055
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 01:28
0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауларға қарсы іс-қимыл бойынша қызметтерді үйлестіру және жүзеге асыру;»;
12-тармақта:
27-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27-2) құпия;»;
64-20) және 64-21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«64-20) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады;
64-21) Интернетке қол жеткізу бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасы бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы 51-5) тармақшамен толықтырылсын:
«51-5) ақпараттық қауіпсіздіктің куәландырушы орталығын айқындайды;».