Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»

Жарлық · № 209 · қабылданған 04.05.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-1996-no-2922-ekb-180805/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан» Қолданыста Жарлық ·№ 209 ·04.05.2023
04.05.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»

Қолданыста Жарлық ·№ 209 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1996 года № 2922 «Об утверждении Положения о Комитете национальной безопасности Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
209
Қабылданған күні
04.05.2023
Көрсетілген редакция
04.05.2023 180805_630666.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2300000209
ЭКБ идентификаторы
180805
Редакция идентификаторы
180805_630666
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:17

0 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
«39-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін әзірлеу және бекіту;»;
69) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«69) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының патрульдеуін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
70) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«148) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«151) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«161) әскери қызметшiлердiң Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 163-1) және 163-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«163-1) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелерін келісу;
163-2) «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты келісу;»;
205) тармақша алып тасталсын;
225) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«225) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары әскери қызметшілерінің жетондарын беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын әзірлеу және бекіту;»;
254) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«254) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз әуе кемелерін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 313-2), 313-3), 313-4), 313-5), 313-6), 313-7) және 313-8) тармақшалармен толықтырылсын:
«313-2) терроризм актісін болдырмауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-3) ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерінің отбасылық-мүлiктік жағдайын зерттеп-қарау актісінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
313-4) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру және оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
313-5) ұлттық қауіпсіздік органдары көлік құралдарының және арнаулы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, осы колонналар өтетін уақытта автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-6) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының арнаулы құралдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
313-7) ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-8) ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;

2 2.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

1 1) ведомстволық құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

2 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қолданыстағы