О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 1998 года № 623
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 июля 1998 года № 623
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1117
- Қабылданған күні
- 02.11.1998
- Көрсетілген редакция
- 31.12.1998 AI1397_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.1998
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P980001117_
- ЭКБ идентификаторы
- 1397
- Редакция идентификаторы
- AI1397_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:29
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі № 623 қаулысына толықтыру енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 31.12.1998 № 1381 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Жол қорының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 шілдедегі N 623 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 21, 180-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жол қорының қаражатын қалыптастыру туралы ереженің 33-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші-тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген бензин мен дизель
отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай
мөлшерде белгіленеді:
бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) - бір метрлік тонна үшін
4000 теңге;
дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 1000 теңге.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын бензин мен дизель
отынынан алынатын алым ставкасы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап мынадай
мөлшерде белгіленеді:
бензин бойынша (авиациялықты қоспағанда) бойынша - бір метрлік тонна
үшін 10 000 теңге;
дизель отыны бойынша - бір метрлік тонна үшін 8000 теңге".
2. Осы қаулы 1998 жылғы 10 қарашадан бастап күшіне енеді және
жариялауға жатады.