Об оказании дополнительного вида социальной помощи в виде дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам 1, 2 группы, нуждающимся в посторонней помощи
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительного вида социальной помощи в виде дополнительных надбавок на уход к государственным социальным пособиям одиноким инвалидам 1, 2 группы, нуждающимся в посторонней помощи
- Атауы (қаз.)
- Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/12
- Қабылданған күні
- 05.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2023 65418_655153.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12K0001907
- ЭКБ идентификаторы
- 65418
- Редакция идентификаторы
- 65418_655153
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:37
0 Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Басқа адамның көмегіне мұқтаж 1, 2 топтағы жалғыз басты мүгедектерді күтуге мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрі 2012 жылғы 1 наурыздан бастап бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетілсін.
2. Қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету төмендегі 1, 2 топтағы мүгедектерге:
қолданыстағы заңнама бойынша оларды асырауға міндетті туыстары жоқ мүгедектерге;
жұмыс істемейтін мүгедек, зейнеткер болып табылатын туыстарымен бірге тұратын мүгедектерге;
кәмелетке толмаған балаларымен бірге тұратын мүгедектерге жүзеге асырылатыны анықталсын.
3. Осы қаулының 2 тармағында көрсетілген 1, 2 топтағы мүгедектерге үстемақы оны алуға құқық пайда болғаннан кейін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау мерзіміне өтінген айдан бастап тағайындалатыны белгіленсін. Үстемақыны өткен айға төлеу қаржыландырудың түсуіне байланысты жүргізіледі. Үстемақыны төлеуді тоқтататын жағдай пайда болса (алушының қайтыс болуы, алушыға 3 топ мүгедектігін белгілеу немесе мүгедектікті алу, қолданыстағы заңнама бойынша мүгедек адамды ұстауға міндетті туысқандарының пайда болуы және басқалар) үстемақыны тағайындау тиісті жағдай пайда болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Ақпараттарды дұрыс бермегеннің салдарынан үстемақы заңсыз төленген жағдайда төленген сома алушылардан өз еріктерімен немесе сот тәртібімен қайтарылады.
4. Облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың әкімдеріне осы қаулының 2 тармағында көрсетілген мүгедектерге қосымша үстемақылар түрінде әлеуметтік көмектің қосымша түрін көрсету облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері банкте ашылған шоттың нөмірі көрсетілген олардың өтініштерінің негізімен және төмендегі құжаттарымен қамтамасыз етіледі:
өтініш білдірушінің жеке басын куәландыратын құжат;
медициналық-әлеуметтік сараптаманың (белгіленген үлгідегі) 1 немесе 2 топтағы мүгедектігін белгілеген анықтамасы;
2 топтағы мүгедектерге басқа адамның көмегіне мұқтаждығы жөнінде дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімінің үзіндісі.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың төлнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.