Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года N 1035 "Об утверждении Правил о высшем научно-педагогическом образовании (магистратура)"

Бұйрық · № 303 · қабылданған 16.05.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2000-n-1035/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года N 1035 "Об утверждении Правил о высшем научно-педагогическом образовании (магистратура)" Күшін жойған Бұйрық ·№ 303 ·16.05.2005
24.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года N 1035 "Об утверждении Правил о высшем научно-педагогическом образовании (магистратура)"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 303 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года N 1035 "Об утверждении Правил о высшем научно-педагогическом образовании (магистратура)"
Атауы (қаз.)
"Жоғары ғылыми - педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
303
Қабылданған күні
16.05.2005
Көрсетілген редакция
24.06.2009 AI24439_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003676_
ЭКБ идентификаторы
24439
Редакция идентификаторы
AI24439_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 18:43

0 "Жоғары ғылыми - педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

"Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 1035 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1370 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бюллетенi журналында жарияланған 2001 ж. N 13, 349-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жоғары ғылыми-педагогикалық бiлiм (магистратура) туралы ережесiнде:
5-тармақта "кәсiптiк жоғары бiлiм берудiң бағыттары мен мамандықтарының" деген сөздер "бакалавриат мен магистратура мамандықтарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Магистратура жоғары бiлiктi ғылыми-педагогикалық кадрлармен (тапсырыс берiлген мамандықтар бойынша ғылым докторы және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесi бар 5 адамнан кем болмауы керек) қамтамасыз етiлген жағдайда, қажеттi зертханалық-зерттеу, оқу-әдiстемелiк, әлеуметтiк базалары бар және мемлекеттiк аттестаттаудан өткен бiлiм беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдарда ашылады.";
10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
12-тармақта "мiндеттi стандарттарына" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының бакалавриат және магистратура мамандықтарының жiктеуiшiне, оқу-бағдарламалық құжаттамаларға, бiлiм алушылардың жеке оқу жоспарының жұмысына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген басқа да құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады." деген сөздермен ауыстырлсын.
13-тармақта "әлеуметтiк-гуманитарлық, iргелi, психологиялық-педагогикалық пәндер және мамандықтар мен мамандандырулар пәндерi" деген сөздер "базалық және бейiндiк циклдарды қамтитын мiндеттi және таңдауы бойынша компоненттер пәндерi тiзбесiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ "жұмыстарымен" деген сөзден кейiн "осы ғылым саласында" деген сөздермен толықтырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Магистратураның бiлiм беру бағдарламасы:
1) базалық пәндер;
2) бейiндiк циклдарды қамтитын пәндер;
3) практика;
4) магистрлiк диссертацияны орындауды қоса алғанда магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы;
5) қорытынды аттестаттаудан тұрады.";
20-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Тарих пен философия ғылымы және шет тiлi бойынша магистранттарды даярлау мазмұны тиiстi кандидаттық минимумның бағдарламаларын барынша жақындатылған болуы тиiс. Магистратурада тапсырылатын тарих пен философия ғылымы және шет тiлiнен емтихандары кандидаттық емтихандарға теңестiрiлуi мүмкiн.";
28-тармақта "академиялық" деген сөз алынып тасталсын.

2 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм департаментi (М.Р. Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым бiрiншi вице-министрi Г. Гамарникке жүктелсiн.

Қолданыстағы