О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года № 470 "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за государственными предприятиями и государственными учреждениями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 ноября 2000 года № 470 "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за государственными предприятиями и государственными учреждениями"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1291 тiркелген "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 56
- Қабылданған күні
- 11.02.2003
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2011 AI14740_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002197_
- ЭКБ идентификаторы
- 14740
- Редакция идентификаторы
- AI14740_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 22:28
0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1291 тiркелген "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.07.28 N 382 бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына (N 1929 тiркелген, 2002 жылғы 26 маусымдағы N 290 бұйрық , "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Ақпараттық бюллетенi", N 17, 2002 ж.) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:
тақырыбы мен мәтiнiндегi "мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздер "республикалық мемлекеттік
кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мүлiктi есептен шығарудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
тақырыбындағы "мемлекеттік кәсiпорындар мен мемлекеттік мекемелерге" деген сөздер "республикалық мемлекеттік кәсiпорындар мен республикалық мемлекеттiк мекемелерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құрамаларында қолданылмайтын қару-жарақты, әскери техниканы, қорғаныс объектiлерi мен өзге де әскери мүлiкті қоспағанда, табиғи немесе сапалық тозуының салдарынан, табиғи апаттар мен авариялардың нәтижесiнде жарамсыздыққа келген республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар (бұдан әрi - мемлекеттік кәсiпорындар) мен республикалық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер) бекiтiлген мүлiктi есептен шығару тәртiбiн анықтайды.";
6-тармақта:
екiншi абзац "мемлекеттiк басқару органымен келiсiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацтағы "кемiнде 50 пайыз тозғанда және/немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
7-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "мемлекеттiк органдардың мүлкiн -" деген сөзден кейiн "олардан жоғары тұрған органдар және" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "100 пайыз тозғанда және/немесе" деген сөздер алынып тасталсын.