О тарифном соглашении по оплате бесплатного гарантированного объема медицинской помощи в рамках государственного заказа на 1 полугодие 2000 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О тарифном соглашении по оплате бесплатного гарантированного объема медицинской помощи в рамках государственного заказа на 1 полугодие 2000 года
- Атауы (қаз.)
- 2000 жылдың 1 жарты жылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 21
- Қабылданған күні
- 17.02.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.02.2000 6380_293720.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.02.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00C000571_
- ЭКБ идентификаторы
- 6380
- Редакция идентификаторы
- 6380_293720
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:39
0 2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Ақтөбе облысы әкімінің 12.12.2001 № 347 өкімімен.
«2000 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 және ҚР қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың уақытша тәртібі» қаулыларына сәйкес:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісім»;
2) «2000 жылы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу тәртібі туралы ереже» бекітілсін.
2. Өкімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары А. Есіркеповке жүктелсін.
5 Облыс әкімінің 2000 жылғы
7 ақпандағы № 21
өкімімен бекітілген
2000 жылдың 1 жартыжылдығына арналған мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу жөніндегі
тарифтік келісім
Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының (АОДСБ) атынан бастығы Ж. Е. Алдашев мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарымен «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңына және «2000 жылғы арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1872 қаулысына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылдың 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сүйене отырып, төмендегі келісімді жасады:
1. Келісім негізі
1. Мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық қызметтер тізіміне кіретін медициналық қызметтерге төлем төлеу бойынша айлық тариф мөлшерін анықтау.
2. Төлем шарты
2. Медициналық қызметтерге төлем төлеу Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
3. 2000 жылы бүкіл облыс аумағында төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
1) Стационарлық кәсіпорындар үшін – клиникалық-шығындар топтары бойынша (КШТ);
2) Кеңес беру-диагностикалық емханалары үшін – науқастың дәрігерге көрінгені бойынша;
3) Стоматологиялық емханалар үшін – жұмсалған еңбегінің шартты мөлшері бойынша;
4) Отбасылық дәрігерлік амбулаториялар үшін – жан басылық норматив бойынша;
4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-сауықтыру кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық көмектерге төлем төлеу үшін айлық қаржыландыру сомасынан қаржы бөледі.
3. Тарифтер
5. 2000 жылғы медициналық қызметтерге орташа тарифтар бекітілсін:
Емделуге жатқызған жағдайда, клиникалық-шығындар топтарының (КЗГ) коэффиценттерін бөлгендегі орташа бағасы – 6800 теңге;
Кенес беру-диагностикалық емханада науқасына байланысты қаралғаны үшін – 110 теңге;
Профилактикалық тексеруден өткені үшін – 85 теңге;
Стоматологияда жұмсалған еңбегінің шартты мөлшері бойынша – 85 теңге;
Жан басылық норматив: қала тұрғындары үшін – 30 теңге;
село тұрғындары үшін – 38 теңге.
4. Мерзімдер
6. Осы келісім 2000 жылдың 1 шілдесіне дейін күшін сақтайды.
20 Облыс әкімінің 2000 жылғы
7 ақпандағы № 21
өкімімен бекітілген
2000 жылы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік тапсырыс шегінде тегін кепілді медициналық көмек көлеміне төлем төлеу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы қағидалар
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 292 бұйрығымен бекітілген «Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру ережелеріне» сәйкес жасалады.
2. Ереже облыстық емдеу-сауықтыру кәсіпорындары (ЕСК) мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсететін тегін кепілді медициналық көмек көлеміне облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы төлем төлеудің қағидалары мен тәртіптерін белгілейді.
3. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен медициналық қызметтер көрсетуге келісім-шарттарға отырған және белгіленген үлгідегі лицензиялары бар емдеу-сауықтыру кәсіпорындары, меншік нысанына қарамастан, медициналық көмек көрсетушілер (жеткізушілер) бола алады.
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеудің бұл жүйесінің ерекшеліктері:
1) Қаржыландырудың қалыптасқан құрылымының және емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының әр түрлі топтарында қорларды тұтыну жүйесі пропорциясының есебінен жүргізу;
2) Емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының әкімшілік, экономикалық және емдеу-сауықтыру қызметтерін іштей қайта ұйымдастыруда ынталандыруды енгізу;
3) Медициналық көмектің көлемін, сапасын және ыңғайлығын артыру мақсатында медициналық қызметтер нарығы мен бәсекелестік механизмдерін дамыту арқылы медициналық көмек көрсету жүйесінің тиімділігін арттыру.
2. Медициналық көмекке төлем төлеу тәсілдері
5. Облыс аумағында медициналық көмекке төлем төлеудің төмендегідей тәсілдері қолданылады:
1) Стационарда емделген ауруларға төлем төлеу клиникалық-шығындар топтары бойынша жасалады;
2) Кеңес беру-диагностикалық емханаларында көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тариф бойынша жасалады;
Есептеудің негізі – дәрігерлерге көріну болып саналады. Тариф емханаға көріну түрлеріне (ауырып баруы, аурудың алдын-ала тексерілуі) байланысты бөлінеді;
3) Стоматологиялық емханалардағы медициналық қызметтерге төлем төлеу бекітілген тариф бойынша жұмыс көлемінің шартты бірлігіне жасалады;
4) Амбулаторлық-емханалық мекемелердің алғашқы буындарының көрсеткен медициналық қызметтеріне төлем төлеу бекітілген 1 тұрғынға есептеліп, жан басылық норматив бойынша жүргізіледі.
6. Емдеу-сауықтыру кәсіпорындарын қаржыландыру кезінде медициналық қызметтер сапасын сараптау қорытындысы есепке алынады. Сараптауды облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері жүргізеді.
3. Қаржыландыру тәртібі
7. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы емдеу-сауықтыру кәсіпорындарында мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін, сол тиісті кезеңге бюджеттен бөлінген қаржы сомасына қарай қажетті қаржылар бөледі. Медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін бюджеттен қаржы толық түспеген жайғдайларда, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарифті азайту үшін қайта есеп жүргізуге құқылы.
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық қаржыны облыс Әкімінің өкіммен бекітілген «Мемлекеттік тапсырыс шегінде көрсетілген тегін кепілді медициналық көмектерге төлем төлеу жөніндегі тарифтік келісімге сәйкес, стационарлық және амбулаторлық-емханалық мекемелерді бөлек қаржыландыру үшін бөледі.
9. Әрбір емдеу-сауықтыру кәсіпорнына тиісті қаржы сомасы стационарда емделген аурулар, емханаға көрінгендер көлемі, жұмыстың шартты бірліктері және тарифтермен бекітіліп берілген тұрғындар саны бойынша, ұсынылған реестрлерге сәйкес есептеледі.
10. Негізсіз емделіп шыққан науқастар реестрлері төленбейді.
11. Толық емделмеген науқастар реестрлері тиісті клиникалық шығын топтарына сәйкес бағаның 20 проценті көлемінде төленеді.
12. Негізсіз емделгендер мен толық емделгендіктің белгілерін облыстық денсаулық сақтау басқармасы анықтайды.
13. Әскерге шақыру комиссияларының жолдамасымен тексерулерге жіберілген әскер қатарына шақырылғандар реестрлері тиісті клиникалық-шағын топтарына сәйкес бағаның 50 проценті көлемінде төленеді.
4. Медициналық қызметтерге төлем төлеу кестесі
14. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емдеу-сауықтыру кәсіпорындарының келісімімен белгіленген тәртіпте және мерзімде, медициналық қызметтерді көрсетуші (жеткізуші) көрсетілген медициналық қызметтерге төлем төлеу үшін есеп-реестрлердің, атқарылған жұмыстар актілерін, басқа да қажетті жолда-құжаттарды облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырады.