О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечению охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания", зарегистрированный за N 1878
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечению охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания", зарегистрированный за N 1878
- Атауы (қаз.)
- "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1878) толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 161
- Қабылданған күні
- 04.03.2004
- Көрсетілген редакция
- 09.03.2017 AI19211_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.03.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V040002783_
- ЭКБ идентификаторы
- 19211
- Редакция идентификаторы
- AI19211_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:23
0 "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1878) толықтырулар енгізу туралы
Аса қауіпті қылмыскерлерді айдап алып жүру мен күзетудің кейбір мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Қызмет атқаруды ұйымдастыру, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (12 маусым 2002 жылы 1878 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының нормативтік құқықтың актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 5-6) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Нұсқаулықта:
11-тармақта:
1) тармақшадағы "күшейтілген" деген сөзден кейін "ерекше" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) сезіктілер мен айыпталушыларды ерекше күзетудің қосымша күзет орны ақпараттардың тарап кетуін және ерекше мәні бар қылмыстық істер бойынша аса қауіпті қылмыскерлер арасындағы рұқсат берілмеген байланыстарды болдырмау мақсатында қойылады. Шешімді Ішкі істер органының басшылығы мұндай қылмыстық істерді тергейтін жедел-тергеу топтары жетекшілерінің ұсынымхаттары бойынша қабылдайды.".
2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі генерал-майоры полиция Қ.Б.Өскембаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.
3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының орынбасары
2004 жылғы 26 ақпан
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2004 жылғы 26 қаңтар