Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечения охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания"

Бұйрық · № 375 · қабылданған 09.10.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2002-n-386/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечения охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания" Күшін жойған Бұйрық ·№ 375 ·09.10.2008
09.03.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.03.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечения охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 375 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 386 "Об утверждении Инструкции по организации несения службы, обеспечения охраны подозреваемых и обвиняемых, содержащихся в изоляторах временного содержания"
Атауы (қаз.)
"Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
375
Қабылданған күні
09.10.2008
Көрсетілген редакция
09.03.2017 AI42125_2.kaz
Соңғы өзгеріс
09.03.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005351_
ЭКБ идентификаторы
42125
Редакция идентификаторы
AI42125_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:47

0 "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасын орындау үшін, соттардың қылмыстық істерді қарау кезінде сотталушылардың тордың арғы жағында болу фактілерін болдырмау үшін Қазақстан Республикасының құқық қолдану практикасын әділ сот жүргізудің халықаралық стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1878 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл N 5-6, 789-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2783 болып тіркелген "Қызмет атқаруды, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын сезіктілер мен айыпталушыларды күзету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 386 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 4 наурыздағы N 161 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Уақытша ұстау изоляторларында қызмет атқаруды және сезіктілер мен айыпталушыларды күзетуді қамтамасыз етуді, ұстау тәртібі және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
бүкіл мәтін бойынша "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармалары, облыстардағы Ішкі істер бас басқармалары - Ішкі істер басқармаларының, Көліктегі Ішкі істер бас басқармасының", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы, облыстардың Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасы, көліктегі Ішкі істер басқармасы", "Астана, Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармаларында, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларында – Ішкі істер басқармаларында, Көліктегі Ішкі істер бас басқармаларында" деген сөздер тиісінше "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттері", "Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақтың бірінші абзацында "(металл кедергі)" деген сөздер "(құрастырмалы-жиналмалы конструкциялармен)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-қосымшадағы "бас басқармасы" деген сөздер "департаменті" деген сөзбен ауыстырылсын.

2 2. Әкімшілік полиция комитеті (М.М. Оразалиев) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (М.М. Оразалиев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Ке­лі­сіл­ді"
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Бас про­ку­ро­ры
___________Р. Тү­сі­п­бе­ков
2008 жы­л­ғы 13 қа­зан
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның
Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі
______________А. Дер­но­вой
2008 жы­л­ғы 10 қа­зан

Қолданыстағы