Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 387 "Об утверждении Правил конвоирования подозреваемых и обвиняемых", зарегистрированный за N 1879

Бұйрық · № 162 · қабылданған 04.03.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2002-n-387-n-1879/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 387 "Об утверждении Правил конвоирования подозреваемых и обвиняемых", зарегистрированный за N 1879 Күшін жойған Бұйрық ·№ 162 ·04.03.2004
02.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 387 "Об утверждении Правил конвоирования подозреваемых и обвиняемых", зарегистрированный за N 1879

Күшін жойған Бұйрық ·№ 162 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 1 июня 2002 года N 387 "Об утверждении Правил конвоирования подозреваемых и обвиняемых", зарегистрированный за N 1879
Атауы (қаз.)
"Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 387 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1879) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
162
Қабылданған күні
04.03.2004
Көрсетілген редакция
02.12.2016 AI19212_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V040002784_
ЭКБ идентификаторы
19212
Редакция идентификаторы
AI19212_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:23

0 "Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 387 бұйрығына (тіркеу нөмірі 1879) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Аса қауіпті қылмыскерлерді айдап алып жүру мен күзетудің кейбір мәселелерін ретке келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Сезіктілер мен айыпталушыларды айдап алып жүрудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 1 маусымдағы N 387 бұйрығына (12 маусым 2002 жылы 1879 нөмірде тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының нормативтік құқықтың актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 5-6) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Тәртіпте:
36-тармақта:
екінші сөйлем мынадай мазмұндағы сөйлеммен ауыстырылсын: "Айдап алып жүру қауіпсіздігінің үш деңгейі белгіленеді: кәдімгі, күшейтілген, ерекше.";
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) ерекше айдауыл:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңнамасы бойынша қылмысы үшін айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру анықталып қылмыстық жауапкершілікке тартылған;
олардың әрекеттерін сот аса қауіпті қылмыстың рецидив деп таныған;
ауыр, аса ауыр қылмыс жасаған қашуға, айдауылдар мен қамауда ұстау орындарының персоналына шабуыл жасауға бейім;
үлкен қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған сезіктілер мен айыпталушыларды айдауылдау кезінде.
Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесе әзірленеді және облыстардағы және көліктегі ІІББ-ІІБ-нің басшыларымен келісіледі.
Айдауыл бір айдауылданушыға кемінде 4 айдауыл есебінен тағайындалады (уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторларына, тергеу амалдарын жүргізуге, медициналық мекемелерге, сотқа, айырбастау пункттеріне және олардан кері қарай басқа сезіктілер мен айыпталушылар тобымен қосып айдауылдау рұқсат етілмейді).
Ерекше айдауыл бастығы (аға айдауыл) офицерлік құрам қатарынан полиция қызметкерін тағайындайды. Айдауыл құрамы міндетті түрде бронежилетпен жарақтанады; атыс қаруымен қаруланады; өзімен бірге арнайы құралдары: газды қару, кісендер, резина таяқтар, сондай-ақ байланыс құралдары (радиостанция); белгі беру тапаншасы, металліздегіш болуы тиіс. Айдауылдау қызметтік иттерді пайдалану арқылы жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Айдауылданушының еркін жүріп-тұруына шек қою үшін: кәдімгі айдауылдау кезінде "Нежность-1", "Нежность-2" кісендері; күшейтілген айдауылдау кезінде "Нежность-2", "Букет" кісендері пайдаланылады; ерекше айдауылдау кезінде айдауылданушының қозғалысын шектеу қажет болғанда "Букет", "Прикол" типтес шынжыр кісендер, қолдарды қозғалту мен аяқ басып жүруді шектеу үшін аяқ-қолға салынатын аралас біріктірілген шынжыр кісендер мен білезіктер пайдаланылуы мүмкін.".

2 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-Министрі генерал-майоры полиция Қ.Б.Өскембаевқа, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Күдіктілер мен тергеу қамауындағыларды алдын ала оқшаулау департаментіне (М.М.Баймұхамбетов) жүктелсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

КЕ­ЛІ­СІЛ­ДІ:
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Бас Про­ку­ро­ры­ның орын­ба­са­ры
2004 жы­л­ғы 26 ақ­пан
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Кө­лік және ком­му­ни­ка­ция ми­ни­стрі
2004 жы­л­ғы 15 ақ­пан

Қолданыстағы