О внесении дополнения в решение акима города Алматы от 1 апреля 2002 года № 50 "О Положении о Социальном жилом доме для одиноких пенсионеров и инвалидов, одиноких супружеских и семейных пар пенсионного возраста"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в решение акима города Алматы от 1 апреля 2002 года № 50 "О Положении о Социальном жилом доме для одиноких пенсионеров и инвалидов, одиноких супружеских и семейных пар пенсионного возраста"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50 "Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үйдің Ережесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/639
- Қабылданған күні
- 07.08.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2012 AI41459_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08R000792_
- ЭКБ идентификаторы
- 41459
- Редакция идентификаторы
- AI41459_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:00
0 Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50 "Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үйдің Ережесі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Әлеуметтік тұрғын-үйде тұратын зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерді, жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарды әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 1 сәуірдегі N 50 "Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге, зейнеткерлік жастағы жалғызбасты жұбайлық және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үйдің Ережесі туралы" шешіміне(2002 жылы 25 сәуірде нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 448 нөмірмен, 2002 жылы 14 желтоқсанда "Алматы ақшамы", 2002 жылы 14 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газеттерінің 98 нөмірінде тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, жалғызбасты ерлі-зайыпты және отбасылық жұптарға арналған Әлеуметтік тұрғын-үй туралы Ережеде:
24 24 тармақ келесі мазмұндағы 5-ші тармақшамен толықтырылсын:
"тәулігіне бір рет тегін ыстық түскі ас беру".
2 2. Алматы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жергілікті бюджеттен тиісті жылға Әлеуметтік тұрғын үйде тұратын зейнет жасындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектердің, жалғызбасты ерлі-зайыптылар мен отбасылық жұптардың ыстық тамақ ішуіне қаражат қарастырсын.
3 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласының әкімінің бірінші орынбасары М.Ш. Мұқашевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң, өз күшіне енеді.
Алматы қаласының әкімі А. Есімов