О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года N 923
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года N 923
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 923 қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 792
- Қабылданған күні
- 29.07.2005
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2009 AI24891_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P050000792_
- ЭКБ идентификаторы
- 24891
- Редакция идентификаторы
- AI24891_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:29
0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегі N 923 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 443-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiнде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Астана, Алматы және Атырау қалаларында салынған тұрғын үйлердi сатып алу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке қаражаты.".