О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 1 ноября 2004 года № 1466 "О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение" и от 5 марта 2007 года № 294 "О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в указы Президента Республики Казахстан от 1 ноября 2004 года № 1466 "О перечне водохозяйственных сооружений, имеющих особое стратегическое значение" и от 5 марта 2007 года № 294 "О перечне объектов, не подлежащих передаче в концессию"
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 866
- Қабылданған күні
- 25.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 81600_341848.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000866
- ЭКБ идентификаторы
- 81600
- Редакция идентификаторы
- 81600_341848
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:01
0 Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 44, 543-құжат):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 25-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға беруге болатын су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі»;
3-тармақтың 17) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалады;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Осы тізбенің 3-тармағында аталған су шаруашылығы құрылыстары (су тарту құрылыстары, сорғы станциялары, тазартқыш су құбыры құрылыстары) жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін.»;