О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 1 декабря 2004 года № 3-1-1866п "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и государственными учреждениями города Астаны"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 1 декабря 2004 года № 3-1-1866п "Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и государственными учреждениями города Астаны"
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 16-1229п
- Қабылданған күні
- 21.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2012 AI50392_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000614_
- ЭКБ идентификаторы
- 50392
- Редакция идентификаторы
- AI50392_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:43
0 "Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Астана қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелеріне бекітілген мүлікті есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 3-1-1866қ қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 28 желтоқсанда № 366 болып тіркелген; «Вечерняя Астана» газетінің 2004 жылғы 27 қарашадағы № 167-168 нөмірінде, «Астана хабары» газетінің 2004 жылғы 30 қарашадағы № 162 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
2 2. «Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетілген қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Т.Қожағапановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов