О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 424 "Об утверждении Правил составления и представления отчетности государственными учреждениями"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 424 "Об утверждении Правил составления и представления отчетности государственными учреждениями"
- Атауы (қаз.)
- "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы № 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 533
- Қабылданған күні
- 28.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.02.2009 AI42301_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.02.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V080005360_
- ЭКБ идентификаторы
- 42301
- Редакция идентификаторы
- AI42301_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:41
0 "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3293 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің бюллетенінде жарияланған 2005 ж. тамыз,), N 17, 135-құжат, 2005 ж. қыркүйек, N 18, 144-құжат, N 3869 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 4 қарашада N 204-205 (938-939) жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 21 қыркүйектегі N 341 бұйрығымен өзгерістер енгізілген, N 4631 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2007 жылғы 18 мамырда N 74 (1103) жарияланған, N 4631 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 108 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 424 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы: - N 5045 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, "Заң газетінде" 2008 жылғы 18 қаңтарда N 8 (1408) жарияланған, мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің есептілігін жасау мен ұсынудың ережесінде:
1-тармақта "тоқсандық" деген сөзден кейін ", ай сайынғы" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. Жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілігі сыртқы қарыздар бойынша бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға және сыртқы қарыз есебінен нысаналы трансферттер алынған республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 3 күні N 11–а нысаны бойынша ай сайын Есеп береді (осы ережеге 29-қосымша). Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган N 11-а нысаны бойынша сыртқы қарыздар жөнінде есепті қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне айдың 5 күні беріледі.
044-жол бойынша республикалық бюджеттен жыл басынан бастап түскен сыртқы қарыздар есебінен нысаналы трансферттер сомасы көрсетіледі – барлығы бірыңғай бюджет сыныптаушының кіріс кодтары бойынша; 050 жол бойынша – жыл басынан бастап жұмсалған қаражат сомасы – барлығы (оның ішінде ерекшеліктер бойынша).
Қазынашылықтың аумақтық бөлімшесі және бюджетті атқару жөнінде жергілікті уәкілетті орган N 11-а нысаны бойынша сыртқы қарыздар жөнінде есептен алынған деректерді тиісті бюджеттің атқарылуы туралы есепте көрсетеді.
N 11-а нысан айлық есептілік болып табылады.";
17-1-тармақ алынып тасталсын;
41-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"290-жол бойынша (171) "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша есептелген жәрдемақы берешектерінің сомасы көрсетіледі, 582-жол бойынша пассивте уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақы берешегінің қалдығы көрсетіледі.";
54-тармақтың үшінші абзацы "кінәлі тұлғалар есебіне жатқызылған есептелген жетіспеу сомасы және" деген сөздермен толықтырылсын;
62-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он жетінші абзацтармен толықтырылсын:
"190-жол бойынша мемлекеттік мекеме есебінен есептен шығарылған активтердің жетіспеу сомасы көрсетіледі;
200-жол бойынша айыпты тұлғалар есебінен шығарылған активтердің жетіспеу сомасы көрсетіледі;
210-жол бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне ақысыз берілген активтер сомасы көрсетіледі;
211-жол бойынша басқа ұйымдарға ақысыз берілген активтер сомасы көрсетіледі.
220-жол бойынша ескіруі және тозуы бойынша есептен шыққан, сондай-ақ артық және керек емес мүлікті сату тізімінен шыққан активтер сомасы көрсетіледі.
232-жол бойынша 190-231-жолдарда санамаланбаған есептен шығарылған активтер сомасы көрсетіледі.";
68-тармақтың бірінші абзацының бірінші сөйлемінде "мемлекеттік мекеме" деген сөздерден кейін "республикалық бюджет есебінен ұсталатын," деген сөздермен, "әкімшісіне" деген сөзден кейін "республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген Ереженің 3-қосымшасында:
"Теңгерім" бөлімінде:
1 "Актив" бағанында:
мемлекеттік тілдегі мәтінде "Активтер" 1-кіші бөлімінде "Материалдық активтер" деген сөздер "Материалдық емес активтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
VІ "Есеп айырысу" - кіші бөлімінде "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысу" деген сөздер "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы бойынша есеп айырысу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мемлекеттік тілдегі мәтінде:
VІ "Есеп айырысу" кіші бөлімінде "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде басқа кредит берушілермен есеп айырысу" деген сөздер "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге де дебиторлармен есеп айырысулар";
VІІІ "Шығындар" кіші бөлімінде "Зияндар" деген сөз "Шығындар" деген сөзбен ауыстырылсын.
1 "Пассив" бағанында:
ІІІ "Есептер" кіші бөлімінде "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету жөнінде есеп айырысулар" деген сөздер "уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын.
"Бюджеттен 230; 231; 234; 239 (140; 143) қосалқы шоттар бойынша қаржыландыру сомасының қозғалысы туралы анықтама" бөліміндегі мемлекеттік тілдегі мәтінде:
5-бағанда "АҚЗ" деген сөз "АТЗ" деген сөзбен ауыстырылсын;
Көрсетілген ереженің 4-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі мәтінде 3-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бір жылға арналған нақтыланған қаржыландыру жоспары";
көрсетілген ереженің 6-қосымшасындағы атауда ", 1_____жылға ______бюджет есебінен ұсталатын," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген ереженің 7-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі мәтінде:
"N 2-д-нысан" деген сөздер "N 4-д-нысан" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-бағандағы "Бастапқы жылға жеке немесе заңды тұлға қайтарымдылық шарттарында мемлекеттік мекемеге беретін ақшаның қалдығы – барлығы" деген сөздер "Жылдың басына жеке немесе заңды тұлғалардың уақытша орналастырылған ақшасының қалдығы - барлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ереженің 8-қосымшасында:
мемлекеттік тілдегі мәтіндегі 1-бағанда "Бастапқы жылға қалдық ақша - барлығы" деген сөздер "Жылдың басына қаражаттардың қалдығы - барлығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген ереженің 11-қосымшасында:
"Активтер қозғалысы" деген II бөлімде:
"
қайтарымсыз беруден......
210
"
деген жол мынадай мазмұндағы:
"
қайтарымсыз берілді:
өз жүйесінің мемлекеттік мекемелеріне басқа ұйымдарға
210
211
"
жолмен ауыстырылсын;
көрсетілген ереженің 12-қосымшасында:
"Материалдардың, тамақ өнімдерінің және АТЗ-ның қозғалысы" деген II бөлімде:
1-бағанда "басқа ұйымдардан", "басқа ұйымдарға" деген сөздер "басқа ұйымдардан", "басқа ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 29-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сыртқы қарыздар бойынша есеп
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 28 қазандағы
N 533 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік мекемелердің
есептілігін жасау мен
ұсынудың ережесіне
29-қосымша
Сыртқы қарыздар бойынша есеп
N 11-а-нысан
Функционалдық топ____________________________________________________
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі____________________ҚҰБС б/ша_____
Инвестициялық жобаны іске асырушы мемлекеттік мекеме_________________
_______________________________________________________ҚҰБС б/ша Коды
Бюджеттік бағдарлама ________________________________________________
Кіші бағдарлама _____________________________________________________
Мерзімділігі: айлық
Өлшем бірлігі: теңге
Атауы
Жол коды
ББС коды
сомасы
1
2
3
4
Жылдың басынан бері сыртқы қарыздар есебінен республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсті, барлығы:
Жылдың басынан бері жұмсалды – барлығы:
Оның ішінде (ерекшеліктер бойынша):
044
050
Басшы ______________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні)
Бас бухгалтер ______________ ________________________________
(қолы) (аты-жөні)
күні: 200___жыл "___"___________.