Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 714 "Об утверждении Правил регулирования численности животных"

Бұйрық · № 754 · қабылданған 10.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2004-no-714/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 714 "Об утверждении Правил регулирования численности животных" Күшін жойған Бұйрық ·№ 754 ·10.12.2008
17.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 714 "Об утверждении Правил регулирования численности животных"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 754 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 1 декабря 2004 года № 714 "Об утверждении Правил регулирования численности животных"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 714 "Жануарлардың санын реттеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
754
Қабылданған күні
10.12.2008
Көрсетілген редакция
17.01.2012 AI43521_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V080005490_
ЭКБ идентификаторы
43521
Редакция идентификаторы
AI43521_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:28

0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 714 "Жануарлардың санын реттеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2004 жылғы 9 шілдедегі 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 714 "Жануарлардың санын реттеу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 3316 тіркелген, 2005 жылғы 7 қазандағы N 121-122(746) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2-тармақта "Е.А.Келемсеиітке" деген сөзді "Н.А. Хадыркеевке және Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қ.Б. Сүлейменовке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Жануарлардың санын реттеу ережесінде:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарлардың санын реттеу туралы шешімді жануарлар мен құстардың жер беті түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және балық пен басқа да су жануарларының түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – тиісті Комитеттер) және (немесе) олардың аумақтық органдары (бұдан әрі – тиісті Инспекциялар) қабылдайды.
Жануарлардың санын реттеу қажеттігі туралы мәселені қарау үшін тиісті Комитеттер немесе тиісті инспекциялар жануарлардың санын реттеу туралы мәселені шешу жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
Комиссия құрамына тиісті Инспекциялардың, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.";
3-тармағының 3) тармақшасында "Комитеттің" деген сөзінен кейін "тиісті" деген сөзімен толықтырылсын;
8-тармағының 2) тармақшасында:
"аңшылық" деген сөзінен кейін "және балық аулау" деген сөзімен толықтырылсын.
"тәсілдерін" деген сөзінен кейін ", орындарын" деген сөзімен толықтырылсын;

2 2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

"Келісілді": "Келісілді":
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі Денсаулық сақтау министрі
_________________ Н. Исқақов ______________ Ж. Досқалиев
2008 жылғы 23 желтоқсан 2008 жылғы 30 желтоқсан

Қолданыстағы