Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года № 923

Қаулы · № 534 · қабылданған 09.06.2006
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/1-2004-no-923/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года № 923 Күшін жойған Қаулы ·№ 534 ·09.06.2006
19.09.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года № 923

Күшін жойған Қаулы ·№ 534 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений и изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2004 года № 923
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi № 923 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
534
Қабылданған күні
09.06.2006
Көрсетілген редакция
19.09.2009 AI28216_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P060000534_
ЭКБ идентификаторы
28216
Редакция идентификаторы
AI28216_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 17:18

0 Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923 қаулысына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 1 қыркүйектегi N 923 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 33, 443-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Облыстардың, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органдарының Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру шеңберiнде салынған тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының азаматтарына сату ережесiнде :
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде салынған тұрғын үйдi сату кезiнде әлеуметтік сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi жатқызылады:
косметологиялықты қоспағанда, медициналық қызметтер көрсету;
осы қызмет түрлерiн жүргiзу құқығына арналған тиiстi лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын мектепке дейiнгi тәрбие беру және оқыту; бастауыш, негiзгi, орта, қосымша жалпы бiлiм беру; бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм беру; қайта даярлау және бiлiктiлiктi арттыру саласында қызметтер көрсету;
ғылым, спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық iс-шараларынан басқа), мәдениет (шоу-бизнестi қоспағанда), тарихи және мәдени мұраны, мұрағат құндылықтарын сақтау жөнiнде қызметтер көрсету саласындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
кiтапханалық қызмет көрсету.
Әлеуметтiк сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерiне сондай-ақ мынадай шарттарға сәйкес келетiн мемлекеттiк кәсiпорындардың қызметкерлерi жатады:
мүгедектердiң саны қызметкерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстар еңбекақы төлеу жөнiндегi жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айырылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайыз) құрайды.
Жоғарыда көрсетiлген шарттарды растау үшiн әлеуметтiк сала мемлекеттiк кәсiпорындарының қызметкерлерi уәкiлеттi органға мүгедектердiң саны және (немесе) мүгедектерге еңбекақы төлеу жөнiндегi шығыстардың еңбекақы төлеу жөнiндегi жалпы шығыстардағы мөлшерi туралы тиiстi анықтаманы ұсынады.
Жоғарыда көрсетiлген ережелер акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөнiндегi қызметтен және акцизделетiн қызмет түрлерiнен кiрiстер алатын мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты қолданылмайды.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Бұл ретте тұрғын үйдi сатып алу-сату шартында Қазақстан Республикасының азаматында үш жылдың iшiнде тұрғын үйдi сатуға құқығының жоқ екендiгi туралы ереже қамтылуға тиiс.";
8-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы