О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 июля 2005 года № 210-п "Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 1 июля 2005 года № 210-п "Об утверждении Правил предоставления услуг почтовой связи"
- Атауы (қаз.)
- "Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі № 210-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 460-п
- Қабылданған күні
- 12.12.2005
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 AI26140_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003979_
- ЭКБ идентификаторы
- 26140
- Редакция идентификаторы
- AI26140_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:07
0 "Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Почта байланысы саласының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Почта туралы" Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1
1. "Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 1 шілдедегі N 210-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2005 жылғы 11 тамызда N 3783 тіркелген, "Заң газеті" 2005 жылғы 21 қазан, N 131-132 (756), мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Почта байланысы қызметтерін ұсыну ережелерінде:
47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалар жөнелтетін хаттардың, почта карточкаларының, бандерольдер мен посылкалардың "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деген белгісі болуы мүмкін.";
90-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген лауазымды тұлғалардан қабылданған почта жөнелтімдерінде - "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деп жазылады.";
мынадай мазмұндағы 100-1-тармақпен толықтырылсын:
"100-1. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді мазмұндамайтын, "Үкіметтік" және/немесе "Правительственное" деген белгісі бар хаттарды, почта карточкаларын, бандерольдер мен посылкаларды осы Ереженің 178-тармағында көрсетілген тұлғалар жөнелте алады, және олар почта операторының кез келген өндірістік объектілерінде қолданыстағы тарифпен төлеу арқылы қабылданады.".