Об утверждении Правил распределения стоимостных балансов подгрупп по состоянию на 1 января 2006 года, определенных в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан, действовавшим до 1 января 2006 года, с учетом фиксированных активов, по которым в 2005 году была применена двойная норма амортизации, по группам, определенным пунктом 1 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил распределения стоимостных балансов подгрупп по состоянию на 1 января 2006 года, определенных в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан, действовавшим до 1 января 2006 года, с учетом фиксированных активов, по которым в 2005 году была применена двойная норма амортизации, по группам, определенным пунктом 1 статьи 110 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс)
- Атауы (қаз.)
- 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 46
- Қабылданған күні
- 03.02.2006
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2009 AI26725_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V060004089_
- ЭКБ идентификаторы
- 26725
- Редакция идентификаторы
- AI26725_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 17:57
0
2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелерін бекіту туралы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 108-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса берілген 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелерін бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (Ж.С. Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 3 ақпандағы
N 46 бұйрығымен бекітілген
2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу Ережелері
1
1. Осы Ережелер 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Салық кодексінің 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстарын бөлу тәртібін айқындайды және Салық кодексінің 121-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес келетін ұйымдарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда корпорациялық табыс салығын төлеушiлер, сондай-ақ Салық кодексінің 120-бабы 1-тармағының шарттарына сәйкес келетін кірістері жоқ, жалпы белгіленген тәртіпте салық салуға жататын төлеушілерге таралады.
2
2. 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған, ішкі топтардың 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құн балансы 2005 жылы амортизацияның қосарлы нормасы қолданылған тіркелген активтер ескеріле отырып, Салық кодексінің 110-бабы 1-тармағында айқындалған топтардың құн баланстары, "Негізгі қорлардың жіктеушісі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 24 мамырдағы N 150 бұйрығымен бекітілген "Негізгі қорлардың жіктеушісі" Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісіне (бұдан әрі - Негізгі қорлардың жіктеушісі) сәйкес мынадай тәртіпте:
Салық
кодексінің
110 бабы
1 тармағына
сәйкес
топтардың
N
Тіркелген
активтердің атауы
Негізгі қорларды
және материалды
емес активтерді
Негізгі қорлардың
жіктеушісінің кiшi
бөлiмдері деңгейінде топтау
2006 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған
салық заңнамасына
сәйкес айқындалған, 2006 жылғы
1 қаңтары жағдайы
бойынша топтардың
(шағын топтардың)
N
I
Үйлер, құрылыстар
(мұнай, газ ұңғымалары мен
беріліс құрылғыларын қоспағанда)
120.000000,
130.000000
(131.000000,
132.411000,
132.412000
топтарды қоспағанда)
I, II (II (1)
топтарды қоспағанда)
II
Мұнайгаз өндіру
машиналары мен
жабдықтарын қоспағанда, машиналар және жабдық
140.000000
(142.300200 класын
қоспағанда және
мұнай өндіруде
пайдаланатын машиналар мен құралдар)
IV, V (V (4)
топтарды қоспағанда), VI, VII
(VII (5) топтарды
қоспағанда), IX
(5), IX (6)
III
Кеңсе машиналары
мен компьютерлер
140.000000 кiшi
бөлiмінің
142.300200 класы
VIII
IV
Басқа топтарға
қосылмаған
тіркелген
активтер
I, II, III топтарға енгізілмеген
тіркелген активтер
II (1), III, V
(4), VII (5), IX
((IX (1), IX (5),
IX (6) топтарды
қоспағанда))